Сицзан бөкендерінің төлдеу маусымы басталды

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 20 маусым

      20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Цинхай-Сицзан үстіртінің кең байтақ даласында Сицзан бөкендері тізіліп, төлдейтін жаққа бет алды.

      Жыл сайын мамырдан шілдеге дейін Сицзанның солтүстігіндегі Цянтан Ұлттық табиғи қорығындағы ұрғашы Сицзан бөкендері қоныс аударып, төлдеу маусымына енеді. Ондаған мың бөкендер Цянтан қорығының кіндігіндегі төлдейтін жерге қоныс аударып, осында төлдегеннен кейін кері қайтады.

      Көші-қон жолы қауіп-қатерге толы. Олар қалың қар, қатты боранмен күресіп қана қоймай, өздерін аңдып жүретін қасқырлар, қоңыр аю, барыстар және басқа да жыртқыш аңдардан да сақ болуы керек. Бірақ олар жыл сайын бір уақыт пен бір бағытта осылай қоныс аударады.

      Жақында Сицзан автономиялық регионы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті жариялаған «2023 жылғы Сицзан автономиялық регионының экология және қоршаған ортасының жай-күйі туралы бюллетень» көрсеткендей, Сицзан бөкендерінің саны 300 000-нан астамға өскен.

      Фото:Синьхуа

1/10