Қытайдың солтүстік-батысындағы сиыр өсіру базасы

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 18 маусым

      18 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Шуақты күн нұры, кең сарайдай қора және кәсіби бақташы... Шыңжаңның Көкдала қаласындағы заманауи асыл тұқымды мал өсіру базасының деңгейі өте жоғары деп айтуға болады. Былтыр осы жерден ел іші нарығына 30 000-нан астам сиыр жөнелтілді.

      Асыл тұқымды базада аса ірі жемшөп цистерналары ерекше көзге түседі. Шыңжаң Цуанцзинь ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы серіктестігіне жауапты тұлға Ли Цзюнчунь компания асыл тұқымды сиыр және етті сиыр шаруашылығын өсірумен қатар, жем-шөп, органикалық тыңайтқыштар, сүт өнімдерін қайта өңдеу, мал сою және қайта өңдеу, сондай-ақ ауылшаруашылық және мал шаруашылығы машиналарын жасау зауыттарын дәйекті түрде салғанын таныстырды. Осылайша олар органикалық экологиялық айналымның тұтас өнеркәсіптік тізбегін қалыптастырды.

      (Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)