«Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада ортақ салудағы бірлескен сұқбатының нәтижелерін бөлісу жиналысы өтті

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 шілде

      1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада ортақ салудағы бірлескен сұқбатының нәтижелерін бөлісу жиналысы 29 маусым күні Қазақстанның елордасы Астанада өтті. Қазақстан Парламентінің жоғарғы палатасының мүшелері Ғалиаскар Сарыбаев пен Әлішер Сатыбалдиев, «Халық газеті» бас редакторының орынбасары Сюй Лицзин, қарамағында «Правда» газеті бар «Қазақ газеттері» тобының бас менеджері Дихан Қамзабекұлы, Қазақпарат халықаралық ақпарат агенттігінің басқарушы директоры Асхар Залдинов, Қазақстандағы Қытай Елшілігінің кеңесшісі Лю Хуа және басқалар кездесуге қатысты.

      Қатысушылар соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада бірлесіп салуы үздіксіз тереңдеп, нақтыланып, жемісті нәтижелерге ие болды деді. Екі елдің бұқаралық ақпарат құралдары бұдан әрі дәнекер рөлін атқарады, ынтымақтастық тәсілдеріне инновация енгізіп, Жібек жолының хикаясын жақсы баяндап, ортақ даму мен өркендеуге ықпал етеді деп үміттенетіндіктерін білдірді.

      Конференцияның ұйымдастырушысы «Халық газеті», бірлесіп ұйымдастырушы Қазақстандағы Қытай зерттеушілері қауымдастығы. Оған Қытай мен Қазақстанның саяси, академиялық және бұқаралық ақпарат құралдарының 40-қа жуық өкілі қатысты. Сондай-ақ кездесуде «Халық газетінің» электронды газет оқу экранын шетелде іске қосуды үгіттеу рәсімі, онлайн «Халық газетінің» «Тең ұтысқа жету» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі және халықаралық коммуникация «Жібек жолы сыйлығы» туындыларын жинау рәсімі өтті.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)