人民网

电脑版
提示:原网页已由神马搜索转码, 内容由www.kaz.people.cn提供.

«Асқар таулар елі» Тәжікстанның Төраға Си Цзиньпинге қалдырған әсері «әдемі әрі терең»

(Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 шілде

5 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шыңжаңның Қашқарынан батысқа қарай жүріп, асқар таулармен терең шатқалдардан асып, айдын көлдер мен асау өзендерден өткеннен кейін «Асқар таулар елі» деген әдемі атқа ие Тәжікстанға барасыз.

Мұнда Тяньшань таулары, Гиссар-Арай таулары, Памир үстірті ғана емес, сонымен қатар әлемге әйгілі мұздықтар мен сол мұздықтардан еріп тарам-тарам болып аққан өзендер бар.

2014 жылғы қыркүйекте Төраға Си Цзиньпин Тәжікстанға алғаш рет іссапармен барды. Бес жылдан кейін ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин өзінің авторлық мақаласында бұл сапарды еске алып, «бұл елдің айбынды таулары мен асау өзендері, мәйекті мәдениеті, қонақжай әрі қарапайым адамдары маған әдемі әрі терең әсер қалдырды»-, деді.

2014 жылғы қыркүйек айының кешінде Душанбеде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Тәжікстан Президенті Э.Рахмонның шақыруымен оның үйінде қонақ болды. Рахмонның үш ұрпақтан құралған әулеті әдемі киініп, қонақ қарсы алды. Жергілікті әдет-ғұрып бойынша ең құрметті қонақтарды қарсы алғанда қолданатын жібек көрпелер төселді. Тәжікстан Президенті Э.Рахмон ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге тәжік шапанын жауып, белбеуін тағып және ақ қалпағын кигізді.

Бүгінде бұл тон Орталық сыйлықтар мен мәдени жәдігерлерді басқару орталығында қойылған.

Отбасылық банкеттен кейін екі елдің басшылары Наурыз сарайының ауласына келіп, шай ішті.

Тәжікстандағы Наурыз сарайының сыртқы көрінісі. Фото:«Халық Газеті»

Тәжікстандағы Наурыз сарайының сыртқы көрінісі. Фото:«Халық Газеті»

Ол кезде Наурыз сарайы енді ғана пайдалануға берілген болатын. Бүгінде бұл Тәжікстанда маңызды кездесулер өткізілетін орын және адамдар саяхаттайтын астананың маңызды жеріне айналған.

Қоштасарда ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин: «Бүгін біз көңілді бір кешті өткіздік, терең пікір алмастық». «Мен Қытай мен Тәжікстан арасындағы достықтың өркендеп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын шын жүректен тілеймін»,- деді.

Барно Рачабова-Наурыз сарайының нұсқаушысы. Қытай мен Тәжікстан арасындағы алмасулардың артуына байланысты, ол қытай тілін үйренді. Кейбір туристер келгенде, ол ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне және Asiainfo саммитіне қатысқан кезде қайда отырғанын жиі айтып отырады.

Тәжікстанның Душанбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан ежелгі Гисар қаласының 3000 жылдан астам тарихы бар. Кейбір зерттеулер Чжан Цянь бір кездері Даюаньнан қайтып келе жатқанда осы жерден өткен деп жазады. Фотода ежелгі Гисар қаласының қала қабырғасынан көрінетін қала қақпасы мен қала бейнесі көрсетілген. Фото:«Халық Газеті»

Тәжікстанның Душанбе қаласынан солтүстік-батысқа қарай орналасқан ежелгі Гисар қаласының 3000 жылдан астам тарихы бар. Кейбір зерттеулер Чжан Цянь бір кездері Даюаньнан қайтып келе жатқанда осы жерден өткен деп жазады. Фотода ежелгі Гисар қаласының қала қабырғасынан көрінетін қала қақпасы мен қала бейнесі көрсетілген. Фото:«Халық Газеті»

Қытай мен Тәжікстанның таулары ұласып, өзендері қосылған, ал достығының тамыры тереңде жатыр.

2000 жылдан астам уақыт бұрын Қытайдың Батыс Хань әулетінен Чжан Цян батысқа жолға шығып, ұлы Жібек жолын ашып, адамзат өркениетінің алмасу тарихында керемет із қалдырды.

2019 жылдың сәуір айында Қытайдың ұлттық мұражайы мен көптеген елдің мұражайлары бірлесіп ұйымдастырған Жібек жолы ұлттық мұражайының мәдени жәдігерлерінің көрмесі кезінде Тәжікстанның бірқатар коллекциясы көрсетілді. Бірқатар жезден жасалған ыдыстарға қашалған жазулар ежелгі Жібек жолы дәуірінің белгілері саналады.

«Бір белдеу, бір жолды» ортақ салу құрылысы ынтымақтастығы Қытай мен Тәжікстан халқы арасындағы мыңдаған жылдар бойғы Жібек жолы бойындағы мәдени алмасуларға жаңа серпін берді.

2019 жылғы мамыр айында Бейжің мен Сианьда «Тәжікстан мәдени мерекесі» сәтті өтті;

2023 жылғы шілдеде Тәжікстанның Лола ұлттық еңбек сіңірген ән-би үйірмесі Қытайдағы Шыңжаң халықаралық халық биі фестиваліне үшінші рет қатысып, көрермендерге керемет ән-би кешін ұсынды;……

Сонымен қатар екі ел мұраны қорғау, Лубань шеберханасы және Қытай-Тәжікстан дәстүрлі медицина ынтымақтастығы орталығы сияқты көптеген жобаны жүзеге асырды.

Елдердің байланысына халық жүрегінің тоғысуы негіз болады

Соңғы жылдары Қытайдың бірқатар университетінде тәжік тілі мамандықтары немесе Тәжікстан зерттеу орталықтары ашылды. Конфуций институттары мен Конфуций кабинеттері Тәжікстанда қытай тілін оқытуды жүзеге асырды.

Тәжікстандағы Лубань шеберханасында студент энергия көздерінің инновациялық жинағын басқаруда. Фото:«Халық Газеті»

Тәжікстандағы Лубань шеберханасында студент энергия көздерінің инновациялық жинағын басқаруда. Фото:«Халық Газеті»

2019 жылғы маусымда ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Душанбеде Тәжікстан Президенті Э.Рахмонмен келіссөздер барысында: «Қытай мен Тәжікстан таулары ұласып, өзендері қосылған тату көрші, өзара сенімді адал дос, ынтымақтасып тең ұтысқа жететін жақсы серіктес, бір-бірін қолдайтын жақын бауырға айналды» деді.

Мемлекет басшылары дипломатиясының басшылығымен Қытай мен Тәжікстан арасындағы достық үздіксіз жаңа симфониясын шырқады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото