Астанада иттердің халықаралық көрмесі өтіп жатыр

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 27 мамыр

      Иттер көрмесінде Қазақстанның әр өңірінен келген тазы, төбет және басқа да ит тұқымдары қойылды деп жазды ҚазАқпарат.

      Көрме аясында арнайы халықаралық комиссия қазақы тазы тұқымындағы 100-ге жуық итті тексереді.

      Зерттеу нәтижесі бойынша комиссия қазақ тазысын халықаралық деңгейде мойындау және «Kazakh Tazy» брендін Қазақстанға бекіту туралы шешім қабылдайды.

      Көрмеге қатысу үшін Қазақстан Кинологтар одағы әртүрлі жастағы, санаттағы және түстері әртүрлі 100 итті іріктеп алған.

      Іс-шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, қазақы ит тұқымдарын халықаралық деңгейде мойындау үшін FCI-дің (Халықаралық кинология федерациясы) міндетті талаптарының бірі иттерді, олар шыққан елдегі тұқымның жай-күйі мен даму перспективаларын зерттеу.

1/4