Астанада онлайн «Халық газетінің» «Тең ұтысқа жету» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 1 шілде

      1 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- «Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапада ортақ салудағы бірлескен сұқбатының нәтижелерін бөлісу жиналысы 29 маусым күні Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтті. Жиналыста онлайн «Халық газетінің» «Тең ұтысқа жету» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі де өтті.

      Онлайн «Халық газетінің» бақылау кеңесінің төрағасы Тан Вэйхун тұсаукесер рәсімінде сөз сөйледі

      Онлайн «Халық газетінің» бақылау кеңесінің төрағасы Тан Вэйхун тұсаукесер рәсімінде сөйлеген сөзінде БАҚ қызметкерлері ретінде біз Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен достық алмасулардың естелікке алушылары, куәгерлері және ілгерілетушілеріміз деп атап көрсетті. 2014 жылы Онлайн «Халық газетінің» «жаңа Жібек жолы сапары» атты ауқымды жалпы медиа трансшекаралық сұқбат алу іс-шарасы Қазақстанға келіп, Қытай мен Қазақстанның «Бір белдеу, бір жол» ынтымақтастығының нәтижелерін толық көрсеткен. Жақынғы уақытта, Онлайн «Халық Газетінің» тоғыспалы медиа шығармашылық ұжымы тағы да Қазақстанға ат басын бұрып, Қытай мен Қазақстан арасындағы ыстық әрі сезімге толы әсерлі сәттерге тоқталып, «Тең ұтысқа жету» атты деректі фильмін дайындады.

      Тан Вэйхун қазақ халқында «достық - мәңгі таусылмайтын қазына» деген мақал бар. Сянь Синьхай мен Бақытжан Байқадамов арасындағы ел аттаған адал достық екі ел халқының есінде; Шэньсидегі эпидемия кезінде қазақстандық Ма Вэньсюаньнің «мен бөтен елденмін, бірақ бөтен емеспін» деген сөзі Қазақ-Қытай екі ел халқының әдемі достығының айғағы… Осындай тартымды әңгімелер фильмде де көрсетілді деп атап өтті.

      Астанада онлайн «Халық газетінің» «Тең ұтысқа жету» деректі фильмінің тұсаукесер рәсімі өтті

      Онлайн «Халық газеті» - «Халық газеті» құрған, Қытайдағы ең ықпалды ауқымды жан-жақты жаңалықтар сайты. Онлайн «Халық газетінде» қытай тілінен басқа, қазақ тілін қамтыған 15 шет тілі арнасы бар. Оның әлемнің 11 елі мен аймағында 14 еншілес компаниясы немесе өкілдіктері құрылған. Онлайн «Халық газеті» басқаратын 64 ресми шетелдік әлеуметтік медиа аккаунттары бар, бұларда жалпы 190 миллион жазылушы тіркелген. Онлайн «Халық газеті» жауапты болып басқарып отырған «Бір белдеу, бір жол» жаңалықтар ынтымақтастығы альянсының сайты мүше БАҚ-қа ақпаратты тарату қызметтерін белсенді түрде ұсынып келеді.

      2021 жылы іске қосылған Онлайн «Халық газетінің» қазақша арнасы - Қытайдағы алғашқы және жалғыз  қазақша (кирилл) жаңалықтар сайты. Бұл Қазақстандағы, тіпті Орталық Азиядағы желі қолданушылары үшін Қытайды түсінудің маңызды терезесіне айналды.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)