Қытай мен Қазақстан қол ұстаса өркениеттер тоғысуының шырағын жақты

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 шілде

      2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тарихтың ең жақсы мұрасы -жаңа тарих жарату. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы тереңдеп, практикалық сипатқа ие болған сайын Қытай-Қазақстан гуманитарлық алмасулары үнемі достықтың жаңа тарауын жазып отырды. Жақында Онлайн «Халық Газетінің» «Мәдени Жібек жолы» сұқбат тобы Қазақстанға барып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдениет, өнер, білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалардағы әртараптандырылған алмасулардың үлгісін сезініп, әртүрлі өркениеттер арасындағы тоғыспалық пен сұлулық ортақ деп танитын сәйкестікті іздеді.

      Алғаш ұсынылған жер «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу Қытай мен Қазақстан халқының жүректерін тоғыстырды

      2013 жылғы 7 қыркүйекте ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанда сөз сөйлеп, алғаш рет «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп құру туралы бастама көтерді.

      «Бұл тарихи сәт. Сонда конференция залы лық толы болды. Мен Төраға Си Цзиньпиннің сөйлеген сөзін тыңдағаныма қатты қуандым»,- деп еске алды Назарбаев университетінің вице-президенті Асель Увалиева.

      Он жылдан астам уақыттан бері «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастығы дамып, өркендеп, жемісті нәтижелерге қол жеткізді.

      А.Увалиеваға ең терең әсер қалдырғаны Қытай мен Қазақстан арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту: «Назарбаев университеті мен Цинхуа университеті, Бейжің университеті және басқа да Қытай университеттері бірлесіп студенттермен алмасу, директорлар форумдары және жастар форумдары сияқты алмасулар мен ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін Азия университеттерінің альянсын құрды». Сонымен қатар Қытайдың Қазақстандағы бес Конфуций институты тұрақты дамып, Лубань шеберханасы да сәтті пайдалануға берілді.

      «Бір белдеу, бір жол» бастамасы Қытай мен Қазақстан арасындағы саудаға дем берді»

      Электронды бұйымдар сауда орталықтарындағы «Xiaomi» ұялы телефонының белгісі көз тартады, фермерлер базарларындағы Қытайдан келген фарфор ыдыстар, жолдағы жүйткіп бара жатқан Geely, Chery және BYD сияқты қытайлық маркалы көліктер... Жібек жолының экономикалық белдеуіндегі бүгінгі сауда Қытай мен Қазақстан халқының жүректерін одан сайын жақындата түсті.

      2024 жылғы наурыздағы жағдай бойынша Қытай мен Қазақстанда 26 жұп дос өлке мен қалалар құрылды. Қазіргі уақытта Қытай-Қазақстан визасыз келісімі күшіне еніп, Қазақстанның Қытайдағы туристік жылы ашылды. Екі ел халқы бір-біріне жиі барып-келіп, мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан достық адамдар жүрегіне ұялады.

      Уақыт пен кеңістікті еңсеріп, бір кемеде бірін-бірі жебейтін достық ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапты

      Жібек жолындағы ежелгі қала Алматыда Сян Синхай атындағы көше бар. Көшенің бұрышында лотос тәрізді Сянь Синьхайға арналған ескерткіш тұр.

      1941 жылы Алматыға қытайлық музыкант Сянь Синхай келді. Кедейлік пен ауру меңдеткен оған Қазақ музыканты Бақытжан Байқадамов жылы қоныс сыйлайды. Мұнда Сянь Синхай «Хуанхэ өзені хорын» аяқтайды, сонымен қатар қазақтың ұлттық қаһарманына арналған «Амангелді» атты симфониялық поэмасын жазып, жергілікті халықтың ықыласына бөленеді.

      2019 жылы Қытай-Қазақстан бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі жарық көріп, осы әсерлі оқиғаны экранға шығарды.

      Соғыс жылдарында Бақытжан Байқадамовтар отбасы Сянь Синхаймен шынайы дос болды. Қазақта «біреуді құтқарсаң, бір қойың егіз табады» дейтін мақал бар. Бұл Қытайдың дәстүрлі мәдениеті болған бейнетте де бірге болу, қайырымдылықпен елді сүюмен сәйкес келеді.

      Астанадағы Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығында дәрігердің «мейірімділігін» сабыр мен мұқияттылық арқылы дәстүрлі Қытай медицинасының емдеуін жалғастырды

      Церебральды инфаркт операциясынан кейін Гулжина өзімен бірге емделгендерден естіп, оңалту орталығына емделуге келді. Емдеу оның жүріс-тұрысын жақсартты. Қысқа күту кезеңінде ол орталықтың қашан кеңейетінін және дәстүрлі Қытай медицинасының жаңа әдістері қашан енгізілетінін асыға сұрап отыр.

      2022 жылдың желтоқсан айында ашылғаннан бері Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығы 8000-ға жуық науқасты қабылдап, 200-ден астам науқасқа халықаралық қашықтан медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта орталықта Қытай мен Қазақстаннан келген 10 шақты Қытай медицина мамандары жұмыс істейді және күн сайын 60-қа жуық науқасты қабылдайды.

      Өзара үйреніп, өзара үлгі алып адамзат өркениетінің тоғысу шырағын жақты

      Қазақта «Ән мен жылқы - қазақтың қос қанаты» деген мақал бар. Сіз Қазақстанға келгенде, адамдар музыка мен жылқы мәдениеті де әртүрлі өркениеттердің өзара тоғысып, бір-бірінен үлгі алуына көпір екенін байқайсыз ——

      Қазақстандық қытайтанушы Клара Хафизова ат пен батырлық кейіпкерлер арасындағы жақын байланыс «Үш патшалық хисасы» сияқты Қытайдың классикалық романдарында айқын көрініс тапқан деп санайды. Бұл Қазақстан тарихындағы батырлар мен оның тұлпарының арасындағы хикаяларға ұқсайды.

      Ежелгі заманнан бері адамдар мәдени алмасулардың жемісін бір-бірімен бөлісіп келеді. К.Хафизова ортақ дамуға қол жеткізу үшін адамзат мәдениеттердің алуан түрлілігін түсінуі керек деп санайды.

      Бүгінде Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасулар тіпті де көп формалармен жалғасып келеді.

      Мамыр айының соңына қарай, әр дүйсенбіден жұмаға дейін Астана телеарнасының көрермендері қытайлық «Шанъян жыры» телехикаясын көре алды. Маусым айына қарай тағы бір қытайлық «Көкжалдар әміршісі» телехикаясы таратылды.

      Байланыс екі бағытта болады. Биыл сәуір айында «Ең болмағанда кинода» (Хотя бы в кино) фильмінің қазақстандық экипажы Чжэцзянның Хэндян кино және теледидар қаласына келген. Оларды Қытай тарапы үлкен ықыласпен және қошеметпен қарсы алды.

      Алматыдағы Шанс кітап дүкенінде Қытай саясаты, тарихы, мәдениеті және басқа да салаларға қатысты 1000-нан астам кітаптар қатар-қатар болып тізілген. Әл Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің Шығыстану кафедрасының оқытушысы Гулайна Жеңіс осы кітап дүкенінің тұрақты оқырманы. Дүкеннен қажетті кітаптарды көрсе, ол бұл кітаптарды университетте сабақ бергенде қытай тілін оқитын студенттерге таныстырады.

      Өркениет алмасулар арқылы түрленіп, өзара үйрену арқылы байиды. Ежелгі Жібек жолындағы өркениеттердің тоғысуынан бастап, антифашистік соғыстағы қиыншылықтарды бөлісуге дейін, одан бүгінгі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы осы жерден басталып, әлемге жол тартты. Қытай мен Қазақстан дейтін таулары ұласып, өзендері қосылып жатқан тату көршілер, жақсы серіктестер, жақын бауырлар сөзсіз қол ұстаса екі ел арасындағы ұрпақтар бойы жалғасып келген достықтың жаңа және әдемі тарауын жазуды жалғастырады.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)