Төраға Си Цзиньпиннің Жібек жолы хикаясының Қазақстан тараушасы

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 2 шілде

      2 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қазақстанның елордасы Астана— «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасы алғаш ұсынылған жер. Жаңа дәуірдегі Жібек жолының хикаясы осы жерден басталады.

      «Біздің Еуразиялық елдеріміздің экономикасын тығыз байланыстару, өзара ынтымақтастықты тереңдету және даму кеңістігін одан сайын кеңейту үшін біз ынтымақтастықтың инновациялық үлгілерін пайдаланып, «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп құрамыз. Бұл жол бойындағы барлық елдің халқына бақыт сыйлайтын үлкен іс». 2013 жылы 7 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанада «Халық достығын нығайтып, бірге тамаша болашақ құрайық» атты маңызды сөз сөйлеп, алғаш рет «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп құру бастамасын ұсынды.

      2023 жылғы 19 мамырда Қытай-Орталық Азия бірінші саммитінен кейін ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Орталық Азияның бес елінің мемлекет басшылары Қытай мен Орталық Азия арасындағы тығыз бірлік пен ынтымақтастықты білдіретін алты анар ағашын бірлесіп отырғызды. Фото:Синьхуа

      «Президент Си Цзиньпиннің сөзі біздің университеттің даңқты тарихының бір бөлігіне айналды». Қытай төрағасының 2013 жылғы сөйлеген танымал сөзін есіне ала отырып, сол кездегі іс-шараға қатысқан Айсұлу Түктібаева Төраға Си Цзиньпиннің «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп салуды ұсынуы көпшілікті шабыттандырды, олардың барлығы «Қазақстан дамуына жаңа мүмкіндіктер келді» деп білді дейді.

      Саяси пікір алмасуды, жол байланысын, кедергісіз сауда, валюта айналымын және халық жүрегін тоғыстыруды нығайту... Президент Си Цзиньпин: «түйін арқылы жалпы бетті қамтып, желіден бөлікке дейін артып, сосын біртіндеп үлкен аймақтық ынтымақтастықты қалыптастырамыз».

      Ежелгі Жібек жолы сауда жолы ғана емес, сонымен бірге достықтың жолы болған. Қытай халқы мен басқа этностар арасындағы достық алмасулар барысында, бейбіт ынтымақтастық, ашықтық пен кеңдік, өзара үйреніп өнеге алу, өзара тиімділік пен тең ұтысқа жетумен сипатталатын Жібек жолының рухы біртіндеп қалыптасты.

      Бүгінгі таңда «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бастамасы Қазақстанда тамырын тереңге тартып, жемісті нәтижелерге қол жеткізді.

      Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Лубань шеберханасының оқу аймағында оқытушылардың түсіндіргеніне ілесе студенттер бір жағынан көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жабдықтарының жұмысы және жұмыс принциптерімен танысып, бір жағынан практикалық жаттығуларды орындап жатыр. Лубань шеберханасын Тяньцзинь кәсіптік-техникалық университеті мен Шығыс Қазақстан техникалық университеті бірлесіп салған. Қазақстандық кәсіби-техникалық кадрлардың қажеттіліктеріне сәйкес бірінші кезеңде тасымалдау аспаптары мен технологиясы мамандықтары құрылды. Онда 4 жаттығу аймағы және 5 стандартты сабақ әзірленген.

      Қазақта «Бірлік болса, тірлік болады» деген мақал бар. Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан ортақ ақылдасу, бірге салу және ортақ пайдалану қағидаттарын ұстанып келеді. Сондай-ақ «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу бойынша ынтымақтастықтың бірқатар маңызды жобасын сәтті жүзеге асырып екі елдің халқын игілікке кенелтті.

      Екі ел жан-жақты және үш өлшемді өзара байланыс желісін сәтті құрды, ал Ляньюньгандағы Қытай-Қазақстан логистикалық ынтымақтастық базасы қазақстандық өнімдерді Тынық мұхитына шығаруға мүмкіндік береді; Қазақстан арқылы өтетін Қытай-Еуропа пойыздары талмай жол басып, маршруттарын үнемі әртараптандырды; Бірінші Қытай-Орталық Азия саммитінің маңызды жетістіктерінің бірі ретінде Сиань қаласында қазақстандық терминал биыл ақпан айынан бастап пайдалануға берілгеннен бері, ондаған мың тонна жүк осы ара арқылы тасымалданды. Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстан автомобиль өндірісі және жаңа энергетика сияқты ынтымақтастықтың жаңа өсу түйіндерін дамытуда, сондай-ақ жоғары стандарттар, тұрақты және халыққа игілікті мақсат еткен екі тарап арасындағы прагматикалық ынтымақтастықты ілгерілетіп келеді.

      2024 жыл - Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы. Қытай мен Қазақстан жыл бойы бірқатар қызықты іс-шараны, соның ішінде «этникалық ауыл» көрмелерін, қолөнер көрмелерін, азық-түлік фестивальдерін және т.б. іс-шараларды өткізеді.

      Қытай мен Қазақстан білім, ғылым және техника, медициналық көмек, мәдениет, туризм, археология және басқа салалардағы ынтымақтастықтың жемісті нәтижелеріне қол жеткізді. Екі ел арасындағы визасыз режим туралы өзара келісім күшіне енді, өзара мәдени орталықтар құру туралы келісімге қол қойылды, екі тарап бірлесіп археологиялық топ құрып, Рахат қирандыларын қазып, зерттеді. Қазақстанда Қытай ашқан бес Конфуций институты сәтті жұмыс істеп, Қытай-Қазақстан дәстүрлі медицина орталығы 8000-ға жуық науқасты емдеді. Сонымен қатар бірлескен фильмдер, кітаптардың өзара аудармасы және басқа да Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасуларды тереңдетіп, тату көршілік пен достықтың халықтық негізі нығая береді.

      Астана қаласының орталығында орналасқан Бәйтерек бақылау мұнарасы Фото:Синьхуа

      Соңғы жылдары Қытай мен Қазақстан мемлекет басшылары бірлесіп тағдыры ортақ Қытай-Қазақстан қауымдастығын құрудың жаңа мақсатын қойды, екі тарап қатынасына жаңа мұрат орнатты, жаңа серпін берді және жаңа болашақ ашты.

      Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қытайдың мәңгі сенім артатын жақсы серіктесі екенін айтты. Біз ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин ұсынған жаһандық даму бастамасын, жаһандық қауіпсіздік бастамасын және жаһандық өркениет бастамасын берік қолдаймыз. Біз Қытаймен жоғары деңгейде тығыз қарым-қатынас орнатуға, «Бір белдеу, бір жолды» ортақ құру бастамасы мен орталық тасымал дәліздерін салудағы стратегиялық байланысты нығайтуға, екі ел арасындағы экономикалық, сауда және мәдени ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ халықаралық мәселелер бойынша тығыз және тиімді ынтымақтастықты жүзеге асыруға дайынбыз.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)