Сабит Құрманбеков: екі елдің мәдениетін жақындастыру және жалғастыру керек

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 5 шілде

      5 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Тарихтың ең жақсы мұрасы -жаңа тарих жарату. «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысы тереңдеп, практикалық сипатқа ие болған сайын Қытай-Қазақстан гуманитарлық алмасулары үнемі достықтың жаңа тарауын жазып отырды. Жақында Онлайн «Халық Газетінің» «Мәдени Жібек жолы» сұқбат тобы Қазақстанға барып, Қытай мен Қазақстан арасындағы мәдениет, өнер, білім беру, денсаулық сақтау және басқа салалардағы әртараптандырылған алмасулардың үлгісін сезініп, әртүрлі өркениеттер арасындағы тоғыспалық пен сұлулық ортақ деп танитын сәйкестікті іздеді.

Сәбит Құрманбеков, режиссер, кино суретші

      Алғашқы сапар Қазақстанның мәдени орталығы Алматыдан басталды. Бұл сонымен қатар халық саны тығыз орналасқан мегаполис. Осы қалада біз бір фильмнің көркемдік жетекшісімен кездестік, бұл Қытайдың ұлы композиторы Сянь Синхай және қазақстандық белгілі музыкант Бақытжан Байқадамов арасындағы достық туралы фильм еді.

      Бұл - Қытай мен Қазақстан бірлесіп түсірген «Композитор» фильмі. 2019 жылы Лос-Анджелесте өткен «Алтын экран» сыйлығында төрт марапат жеңіп алды, соның ішінде үздік «бірлескен түсірілім» марапаты да бар.

      (Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)