Қазақстандағы 2030 жылға дейін сұранысқа ие 25 мамандық

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 30 сәуір

      ҚР Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады деп жазды ҚазАқпарат. Оның шеңберінде таяудағы жылдары неғұрлым талап етілетін ТОП-25 мамандық анықталып отыр.

      Сонымен, сұранысқа ие мамандықтар төмендегідей:

      1. Есепшілер – 93 мың адам;

      2. Күзетшілер, инкассаторлар және соған байланысты кәсіптер – 77 мың адам;

      3. Дүкен сатушылары мен олардың көмекшілері – 77 мың адам;

      4. Жүргізушілер мен автокөлік жүргізушілері – 44 мың адам;

      5. Әлеуметтік ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері – 35 мың адам;

      6. Күтім бойынша орташа медициналық персонал – 33 мың адам;

      7. Мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер – 32 мың адам;

      8. Жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері - 31 мың адам;

      9. Кеңсе қызметкерлері (жалпы бейіні) – 30 мың адам;

      10. Бастауыш сынып мұғалімдері – 26 мың адам;

      11. Мекемелердің, ұйымдар мен кәсіпорындардың бірінші басшылары – 24 мың адам;

      12. Жылжымайтын мүлікпен және басқа мүлікпен операциялар жөніндегі агенттер – 24 мың адам;

      13. Жүк көлігінің жүргізушілері – 24 мың адам;

      14. Такси жүргізушілері – 19 мың адам;

      15. Аспаздар – 19 мың адам;

      16. Дәнекерлеушілер – 17 мың адам;

      17. Фастфудтан басқа тез тамақтану мекемелеріндегі аспаздар – 17 мың адам;

      18. Басқа орта мектеп мұғалімдері – 16 мың адам;

      19. Құрылыс бөлімшелерінің басшылары – 15 мың адам;

      20. Шаштараздар – 13 мың адам;

      21. Құрылысшылар-монтажшылар, құрылысшылар-әрлеушілер, суретшілер үстіндегі бригадирлер – 13 мың адам;

      22. Сантехниктер – 13 мың адам;

      23. Математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері – 12 мың адам;

      24. Аралас өнім өндіретін фермерлер мен жұмысшылар – 12 мың адам;

      25. Автобус жүргізушілері – 12 мың адам.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)