Қазақстан батырларының суреттерімен безендірілген пойыз Астанадан жолға шықты

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 мамыр

      9 мамыр - Қазақстанның жеңіс күні қарсаңында Астанадан Павлодарға арнайы безендірілген №7502 электр пойызы жолға шықты деп жазды ҚазАқпарат.

      Безендірілген электр пойызы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған.

      «Құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсалды. Жолаушылар Жеңіс пойызының алдында суретке түсіп, лебіздерін білдірді», — деп жазды «Қазақстан Теміржолы» компаниясы.

      Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге қызмет етеді.

1/3