Қазақстанда мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру 2 есе ұлғайды

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 29 мамыр

      Қазақстанда мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру 2 есе ұлғайды. Бұл туралы Қазақстанның Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

      «Осы жылдың 4 айының қорытындысында мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2 есе өсіп, 213,1 мың тонна болды. Саланың барлық өнімдері бойынша өсім байқалады. Сонымен қатар министрлік жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайту бойынша бірқатар шара қабылдап жатыр. Жыл соңына дейін 628,3 мың тонна мұнай-газ-химия өнімі шығарылады, бұл Қазақстан үшін — өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 75 пайыз өсім»,-деді ол.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)