Қытай мен қазақстандық БАҚ «Бір белдеу, бір жолды» ортақ салудағы бірлескен сұқбатын бастады

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 19 маусым

      19 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қазақстанның елордасы Астанада «Халық газеті» мен қазақстандық БАҚ-тың «Бір белдеу, бір жолды» ортақ салудағы бірлескен сұқбаты басталды. Бұл Қытай мен қазақстандық БАҚ-тың Қазақстандағы «Бір белдеу, бір жолды» ортақ салудағы алғашқы бірлескен сұқбаты.

      Қытайдың «Халық газетімен» бірге Қазақстан Ақиқат газеті, Қазақпарат халықаралық ақпарат агенттігі, Қазақстан Индустриясы газеті, Комсомольская правда интернет сайты, BAQ ақпарат агентігі, Kazakhstan Today ақпарат агентігі және Қазақстанның басқа да негізгі бұқаралық ақпарат құралдары Қытай-Қазақстан «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп салу негізгі жобалары бойынша арнайы сұқбаттар өткізді.

      Қазақстанның Астана қаласындағы жеңіл рельсті жол - Орталық Азиядағы алғашқы қалалық жеңіл рельсті желі. Бұл жол-Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайы, Назарбаев университеті, Дүниежүзілік экспо паркі, Президент сарайы, жаңа теміржол вокзалы және басқа да Астана қаласының көрікті жерлері мен негізгі функционалдық аймақтары арқылы өтеді. Оның жалпы ұзындығы 22,4 шақырым. Қытайлық компания Қытайдың Алтыншы құрылыс бюросы жолдың 18,34 шақырымын салды. Онда жалпы 9 станция мен 14 учаске бар. Жеңіл рельсті жоба аяқталып, көлік қозғалысы үшін ашылғаннан кейін, жол жүру уақыты екі есеге жуық қысқарады. Құрылыс Қазақстандағы, тіпті Орталық Азиядағы техникалық жағынан ең озық қалалық теміржол транзиттік жобасына айналады. Қазіргі уақытта жобаның құрылысы тұрақты жүріп жатыр.

      Суретте қытайлық және қазақстандық БАҚ тілшілері Астана қаласындағы жеңіл рельсті жол жобасының қызметкерлерінен сұқбат алып жатыр.

1/4