Адамзат шаңғы тебуінің басталған жері – Алтай

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 22 мамыр

      22 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Бұл - Шыңжаңның Алтай аймағы Дөңдібұлақ үңгіріндегі жартас суреті. Ежелгі Алтай халқының шаңғымен аң аулау көрінісін шынайы бейнелеген. Адамзаттың ең алғаш шаңғымен сырғанауын естелікке алған жәдігер. Зерттеулерге сәйкес, бұл сурет 12000 жыл бұрын салынған. Сондықтан Алтай «адамзаттың алғаш шаңғы тепкен жері» деп жарияланды. Адамзаттың алғаш шаңғы тепкен жері Алтай солтүстік ендіктің 45 градусындағы «алтын қар белдеуіне» орналасқан. Бұл Қытайдағы ең ұзақ қар жауатын аймақ. Жыл бойы 210 күн қар жамылады, 170-180 күн қар жауады. Таудағы қардың орташа қалыңдығы 2 метрге жетеді. Мұнда өмір сүрген ата-бабалар құнды мұра қалдырды. Олар жергілікті материалдарды пайдаланып, ірі жылқы сирағының терісін таңдап, мөлшермен ұзындығы 180 см, ені 10 см болатын, алдыңғы жағы қайқы ағаш тақтадан шаңғы жасаған. Беткейге шыққанда жылқы түгінің жартысы кері бағытта болады, сол арқылы үйкелісті арттырып, таюдың алдын алады. Еңіске сырғанағанда терідегі түктің жартысы оң бағытта болады. Сырғанағанда үйкеліс азайып, жылдамдық артады.Тек бір қар таяқшасымен шаңғы теуіп, аң аулауға болады.

      Уақыт сырғығанымен, ежелгі жүн-терілі шаңғы тарих сахнасынан алыстаған жоқ. Олар Алтай халқының күнделікті жүріс-тұрысында өз рөлін жалғастырып келеді, сондай-ақ шаңғы жарыстарында жиі кездеседі.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Zhao Jian)