Қытайдың жақсы заты - қантты апельсин

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 23 мамыр

      23 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қантты апельсиннің ағылшынша аудармасы: clementine деп аталады. Ол кәдімгі апельсиндерден айырмашылығы бар. Оның қабығы жұқа, жемісі жұмсақ әрі шырыны мол, дәмі тіл үйіреді, тәттілігі жоғары және қыста өндірілетін ерекшелігімен адамдардың ұнатып жейтін жемісіне айналған. Гуанси Чжуан автономиялық регионы Байсэ қаласы Силинь ауданы «Қытайдағы қантты апельсиннің мекені» ретінде танымал. Ауданның қантты апельсинін өндіру алаңы 187 500 муды құрайды, оның жылдық өнімі 400 000 тоннадан асады. Ауданның жер бедері теңіз деңгейінен биік, ендігі төмен, орташа жылдық температурасы 19,6℃ айналасында, күндіз бен түнгі температураның айырмашылығы үлкен. Осындай бірегей географиялық және климаттық артықшылық Силинь жоғары сапалы қантты апельсинін өсіріп шығарды. Жемістер қыста піскеннен кейін жинау, таңдау, орау, тасымалдау және басқа да байланыстардан кейін бүкіл Қытайдағы адамдар Гуансидің Силинь ауданынан келген қантты апельсинін жей алады.

1/5