Дунтин көлінің бұзылған жері қалпына келтірілді

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 шілде

      9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 8 шілде күні кешке Хунань өлкесінің Хуарон ауданы Туаньчжоу бөгетіндегі Дунтин көлінің шайылып кеткен жері қалпына келтірілді.

      5 шілдеде Туанчжоу бөгеті Дунтин көлінің жағасын су шайып кетіп, шайылған жер 226 метрге дейін кеңейіп, 47,64 шаршы шақырым жағалау аумағын су басып, 7680 адам шұғыл түрде көшірілген болатын. Барлық тараптың төтенше жағдайлар және құтқару күштері «адам демалғанда машиналар тоқтамай істейтін, алмасып жұмыс істейтін» шараларын қабылдап, 24 сағат бойы шайылған жердің қалпына келу жұмысын атқарды.

      Фото:«Халық Газеті» 

1/7