Цинхай-Сицзан үстіртіндегі «тылсым жануарларды» құтқару станциясымен танысайық

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 9 шілде

      9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Соңғы жылдары Цинхайдың Сининінде орналасқан Цинхай-Сицзан үстіртіндегі жабайы хайуанаттар саябағында Цинхай-Сицзан үстіртіндегі 60-тан астам түр мен 2000-нан астам жабайы хайуанат құтқарылды. Олардың шамамен 1/3 бөлігі бағаланып, босату шарттарына толғаннан кейін табиғатқа жіберілді. Саябақта қалған ауру немесе кәрілік салдарынан табиғатта тіршілік ету мүмкіндігі жоқ жануарлар туристермен кездеседі. Бүгінгі таңда хайуанаттар бағында үстіртке тән жануарлар, соның ішінде барыстар, Сицзан түлкілері, жайрандар, қара мойын тырналар, Сицзан жабайы есектері, дала мәліні, қояндар, тау құмайлары және т.б. бар.

      Көптеген жылдар бойы жабайы табиғатты құтқарумен айналысқан Ци Синьцзян: «жабайы табиғатты құтқарудың тамаша нәтижесі - жануарлардың табиғат құшағына оралуы және олардың еркін өмір сүруіне мүмкіндік беру. Жағдай келсе, жабайы хайуанаттарды табиғатқа жіберу әрқашанда біздің бірінші таңдауымыз», - деді.

1/10