Визасыз режимнің ықпалымен Қытайға саяхаттайтын шетелдіктер саны көбейді

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 11 шілде

      11 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Шетелдіктердің Қытайға келуін жеңілдетуге бағытталған «72/144 сағаттық транзиттік визасыз режим» сияқты бірқатар шараның арқасында шетелдіктердің Қытайға сапарлары қыза түсті.

      Ұлттық иммиграция басқармасы 5 шілдеде осы жылдың бірінші жартыжылдығында бүкіл ел бойынша әртүрлі порттардан 14,635 миллион шетелдік кіргенін хабарлады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 152,7%-ға өсті. Олардың ішінде елге визасыз кіргендер 8,542 миллион адам болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 190,1%-ға өсті.

      2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Бейжің порты барлығы 307 000 шетелдік туриске визасыз режим қызметін көрсетті және 33 700 шетелдік туриске 144 сағаттық транзиттік визасыз режим берді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 10,12 есе және 7,24 есе өсті.

1/16