Қытайлық туристердің «Бірінші мамыр» еңбекшілер мерекесінде шетелге сапарлары көп болды

人民网

      (Онлайн Халық Газеті)2024 жыл 6 мамыр

      6 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- шекарадан кіру және шығуды жеңілдету шараларын үздіксіз жүзеге асыра отырып, Қытайдың туризмі әлеммен тығыз байланысты. Қытайлық туристердің сапары әлемнің 200-ге жуық елін қамтиды.

      Қытайдағы көптеген туристік сауда платформаларының сату көлемі айтарлықтай өсті. Flying Pig ұсынған деректерге сүйенсек, платформадағы «Бірінші мамыр» еңбекшілер мерекесінде туристік бизнестің көлемі тез өскен. Олардың ішінде қонақүйлерді брондау саны өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда екі есе өсті; автокөлік жалдап өздері саяхаттау турлары ішкі турлардан шетелге дейін кеңейді, брондау қаржысы өткен жылмен салыстырғанда үш еседен артық өскен; халықаралық круиздік кемелердің жеткізілімдері тез қалпына келді және круиздік турлар қауырт артып, брондау саны өткен жылмен салыстырғанда 15 еседен астам өсті.

      Австрия, Түркия, Марокко, Ресей, Португалия, Грузия, Египет, Испания, Қазақстан, Бразилия және басқа да халықаралық бағыттар «Бірінші мамыр» еңбекшілер мерекесі кезінде жылдам өскен. Брондау саны өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда орта есеппен төрт есе өсті.

      (Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)